Керемет, қызықты, еліктіргіш Lexus ES автокөлігі бизнес-класс седаны туралы біржақты пікірді бұзады. Дизайнға деген жаңа батыл көзқарастың арқасында біз оны төмендеу, кеңірек және талғампаз етіп жасадық. Купенің таңғажайып силуэтын флагмандық седанның кеңдігі мен талғампаздығымен үйлестіре отырып, ES бір ерекше автөкөлікте сәндік пен жайлылықты біріктіреді.
Шассидің арқасында ES сәнді бүйірлік профильді, кең тіректі және төмен ауырлық орталығын көрсетеді. Сонымен қатар, төбесінің жеңілдетілген купе пішініне қарамастан, біздің бизнес-класс седанымыз жолаушыларға аяқтарын ыңғайлы орналастыратын жер мен кеңістік ұсынады.
Біздің «Такуми» шеберлері орындықтардың тігістерінен бастап, жылтыратылған жапондық Хадори қылышының көркемділігімен шабыттанған F алюминийден жасалған нәзік және еліктіргіш әрлеуіне дейінгі барлық керемет бөлшектерді қадағалайды.
ES 300h руліне отырған сәттен-ақ сіз жүргізушіге бағытталған кабинаға түсесіз, ол алаңдататушы факторларды барынша азайту үшін арнайы әзірленген. Осылайша, алдыңғы әйнектегі аспаптар тақтасы сізге жолға назар аударуға көмектесетін болса, қозғалыс режимін таңдауды ауыстырып қосқыш және сенсорлық тақта контроллері сияқты мүмкіндіктер жүргізушінің орналасуын өзгертпестен оңай басқарылатындай етіп орналастырылған.
Lexus ES автокөлігімен қайда барсаңыз да, сіз бұрын-соңды жасалған ең қауіпсіз премиумдық седандардың бірін басқаратыныңызға сенімдісіз. Шын мәнінде қауіпсіз болуы соншалықты, Euro NCAP беделді 5 жұлдызды рейтингіне ие бола тұра, ол 2018 жылы үлкен отбасылық автокөлік, сонымен қатар гибридті және электр автокөлігі үшін Euro NCAP санатында ең үздік деген сыйлыққа ие болды. Қауіпсіздіктің мұндай ерекше деңгейіне қол жеткізу Lexus Safety System + сияқты технологиялардың арқасында мүмкін болды, оған жаяу жүргіншілерді түнде және күндізгі уақытта велосипедтерді анықтауды қамтитын соқтығысулардың алдын алу бойынша жаңа жүйе кіреді.
ES F SPORT нақты динамикалық модельдерінде алдыңғы жағының қарқынды стилі, Lexus радиаторларының эксклюзивті торлары және аспалы артқы спойлер көрсетіледі. Стандартты 18 дюймдік жеңіл құйма дискілер және шанағының әртүрлі түстері автокөліктің бейімделетін реттелетін аспасымен күшейтілген динамикалық стильге көңіл аудартады. Ішінде спорттық орындықтар, перфорацияланған былғарыдан жасалған берілістерді ауыстырып қосу тұтқасы және F SPORT рулі алюминиймен өңделген педальдармен және бақылау тақтасындағы қаптамамен толықтырылған.
Толықтай жаңа жаһандық архитектура – K (GA-K) платформасы негізінде құрастырылған жаңа ES Lexus-тің "люкс" классындағы орташа көлемді көліктер дизайнының шектеулерін жеңуге мүмкіндік береді. Дизайн көлікке қарқынды, бірақ көрікті кейіп беретін бірден танылатын төменге бағытталған айқын кескінмен мақтана алады. Артқы бөлік әсерлі әрі мәнерлі мүсінімен ерекшеленеді, артқы шамдар сіз қай қырынан қарасаңыз да үздіксіз стильді сызықтар түзіп, артқы қанаттарды көмкеріп тұр. Алдыңғы үш сәулелі оптика жарық ағынын керемет бөледі. Фаралар бұрылу сигналының дәйекті индикаторларымен және тұман жағдайында жақсы көрінуді қамтамасыз ететін барлық ауа-райы шамфаралармен дарымен жабдықталған. Палитрасы ішінде жаңа сарғыш және сұр түс реңктері бар 12 түстен тұрады.
Автокөліктің пішінімен және атмосферасымен жұмыс жасау барысында ES-тің бас дизайнері Ясуо Кадзино мен оның командасы үшін болашақ Lexus интерьерінің жүргізушіге бағытталған кокпиті алдыңғы жолаушыға арналған кең әрі ыңғайлы кеңістікпен үйлесетін концепциясы бастапқы нүкте болды. Бұл опционалды навигациялық жүйе мен қосылатын қызметтердің толық спектріне ие біртұтас кеңістік болады. Навигациялық жүйе 12,3 дюймдік мультимедиалық дисплеймен және екінші буындағы Remote Touch бақылағышымен жабдықталған. Apple CarPlay және Android Auto смартфондарының интеграциясы платформаларына қолдау көрсету арқылы мобильді құрылғыларды пайдалану мүмкіндігі айтарлықтай кеңейтілді.
Бас инженер Ясухиро Сакакибара ES-тің алдыңғы үлгілердің барлығымен салыстырғанда динамикалық сипаттамалардың түбегейлі жаңа деңгейіне жету мақсатында әзірленгендігін атап өтті. Шассиді әзірлеген команда жүргізушінің әр әрекетіне жылдам жауап беру қасиетіне ие жайлы болжамдық сезімін жасау тәсілдерін іздеді. Lexus-тің бас жүргізуші-сынаушысы Йошиаки Ито былай деп түсіндірді: «Біз әр жүргізушінің ES рөлінде отырғанда автокөлікті толық бақылауда ұстап отырғандығын сезінгенін қалаймыз. Бұл жайлылықтың жәй ғана бірқалыпты жүргізуден асып түсетін жаңа деңгейі».
Автокөлікке арналған бағдарламалық құралдың соңғы нұсқасын алыңыз, смартфонға қосылып, көлік жүргізу мен навигацияны ыңғайлы және жағымды ететін мүмкіндіктерден ләззат алыңыз.
Әр сурет тарихтан сыр шертеді. Сіздің Lexus-тің тамаша дизайнымен, аса жоғары орындау сапасымен және мінсіз әрлеуімен таныстығыңыз дәл осы жерден басталады.