Түпнұсқа аксессуарлар

Lexus аксессуарлары арқылы көлігіңізге ерекше стиль қосыңыз. Олар жай ғана сәнді етіп қоймай, жоғары деңгейдегі жайлылық пен функционалдылықты қамтамасыз етеді. Аксессуарлар арнайы сіздің көлігіңізге лайықталып жасалған, бұл – сапаға, мінсіз сәйкестікке және көлігіңізге деген қамқорлыққа кепілдік береді.
Аксессуарлардың фотосуреттері көрсету үшін берілген. Аксессуарлар автокөлік моделіне байланысты өзгеруі мүмкін. Қолжетімділігі мен үйлесімділігін сіздің қалаңыздағы ресми дилерден нақтылаңыз.

Lexus сенімді қорғанысы: сыртқы көрініс пен ұзақ мерзімділікті сақтаңыз

  • Lexus Kazakhstan

    Салонға арналған тоқыма төсеніштер

    Материалы мен қапталуына қарамастан, Lexus кілемшелерінің артқы жағы тайғанақтықтың алдын алады және еденнің негізгі жабындысын сенімді қорғайды. Сәнді, ыңғайлы және тозуға төзімді тоқыма кілемшелер интерьерге ерекше стиль қосады.

  • Lexus Kazakhstan

    Жүксалғышқа арналған төсеніш

    Кілемше жүксалғыш еденінің жабындысын жүк тасымалдау кезінде сенімді қорғайды және  оңай жуылады. Көлемі жүксалғыш бөлігінің ішкі бетімен толық сәйкес келеді.

  • Lexus Kazakhstan

    Салонға арналған резеңке төсеніштер

    Ауа райының қолайсыздықтарына қарамастан, сіздің көлігіңіздің салоны әрдайым таза күйінде қалуы керек.Түпнұсқадағы резеңке кілемшелер салонды балшықтан, судан және ұсақ бөлшектерден сенімді қорғайды және еденге мықтап бекітіледі.

  • Lexus Kazakhstan

    Терезе қорғаушы дефлектор

    Терезеле дефлекторлары салонның оңтайлы желдетілуін қамтамасыз етеді және автокөліктегі микроклиматты жақсартады.Сүйір пішіні аэродинамикаға әсер етпейді. Жоғары сапалы материал ұзақ қызмет етіп, жауын-шашын кезінде жайлылық сыйлайды.

  • Lexus Kazakhstan

    Капот дефлекторы

     Капотты сызаттар мен сынықтардан қорғайды. Ол ауа ағыны мен ұсақ заттардың бағытын өзгертіп, автокөліктің сыртқы түрін сақтайды және капоттың қызмет ету мерзімін ұзартады.

  • Lexus Kazakhstan

    Бүйірлік табалдырықтар

    Көлікке міну мен түсу кезінде ыңғайлылық сыйлап,сәнді және үйлесімді көрініс береді. Сонымен қатар көліктің төменгі бөлігін кір мен зақымданудан қорғайды. Жоғары сапалы материалдардан жасалған.

  • Lexus Kazakhstan

    Есіктерге арналған қорғаныс молдингтері
     

    Шанақтың *түсіне сәйкес келетін молдингтер есік жиектері сыртқы объектілерге кездейсоқ тиіп кеткенде бояудың сынуын болдырмайды. 

    *Түстердің қолжетімділігін "Лексус" дилерлерлік орталықтарынан нақтылаңыз.

     

  • Lexus Kazakhstan

    Есік тұтқаларының астына арналған қорғаныс қабықшасы

    Есік тұтқасының лак-бояу қаптамасын сызаттардан  қорғайды. Күн сәулесінде сарғаймайтын  берік полиуретаннан жасалған.

  • Lexus Kazakhstan

    Лай-балшықтан қорғағыштар
     

    Қиын ауа райы жағдайларында қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз етеді. Олардың ерекше конструкциясы су, кір және тастардың көлігіңіздің корпусына түсуін азайтады.  Этиленвинилацетат пен полипропиленнен жасалғандықтан беріктігі мен ұзақ қызмет етуі қамтамасыз етілген.

  • Lexus Kazakhstan

    Кузовқа арналған ProTect қорғанысы

    Керамикалық қорғаныс қабаты жол кірі, қышқыл жауын-шашын, тұз және ультракүлгін сәулелерінен тамаша қорғаныс береді. Сонымен қатар, су өткізбейтін және түс жоғалуына жол бермейтін ерекшелігі бар.

  • Lexus Kazakhstan

    Мата салонға арналған ProTect қорғанысы

    Көрінбейтін қабықша мата жабындарын тұрмыстық ластанудан қорғайды. Ластануды оңай сүртіп тастауға болады, ал орындықтардың қаптамасы таза күйінде қалады. Бұл қабықша барлық Lexus автокөліктерінің салондарына жарамды.

  • Lexus Kazakhstan

    Дискілерге арналған ProTect қорғанысы

    Дөңгелек дискілерін қорғау оларды тежегіш шаңынан, жол кірінен және жауын-шашыннан қорғайды. Лабораториялық сынақтар оның 700 °C дейінгі температураға төзімді және 400 °C дейінгі температурада тежегіш колодкаларын шаңнан қорғайтынын көрсетті.

Жеке стиль: әр бөлшектегі талғам мен әсемдік

  • Lexus Kazakhstan

    Табалдырыққа арналған алюминий төсем

    Көлік табалдырығын зақымданудан қорғап,  сәнді көрініс береді. Берік және коррозияға төзімді алюминийден жасалғандықтан ұзақ қызмет етеді.

  • Lexus Kazakhstan

    Шығарылған газ түтігіне арналған саптама

    Көліктің сәнін келтіріп, газ шығару жүйесін кірден қорғайды. Тот баспайтын болаттан жасалғандықтан, ұзақ уақыт пайдалануға жарамды және коррозияға төзімді. 

  • Lexus Kazakhstan

    Жеңілқұймалы дискілер

    Алюминий қорытпасынан жасалып, термиялық өңдеуден өткен берік дискілердің дизайны Lexus автокөліктерінің сыртқы көрінісіне толық сәйкес келеді және оған қосымша айқындық береді. 

Тасымалдауға арналған ыңғайлы шешімдер: Lexus-пен көбірек мүмкіндік

  • Lexus Kazakhstan

    Шатырға арналған жүк қорабы
     

    ABS-пластиктен жасалған арнайы қорап ультракүлгін сәулелерге төзімді, беріктігін және түсін сақтайды. Көп нүктелі орталықтандырылған құлыптау жүйесі жоғары сенімділікпен ерекшеленеді.

  • Lexus Kazakhstan

    Шаңғы мен сноубордқа арналған ұстағыш
     

    Шаңғы мен сноубордтар резеңке төсемдер арасында бекітіліп, сырғып кетуден қорғалады. Шаңғыны құлыптау үшін бір кілт жеткілікті. Қолғаппен ашуға ыңғайлы батырмасы бар.

  • Lexus Kazakhstan

    Шатырға велосипед тасымалдауға арналған бекіткіш

    Жеңіл және берік бекітуге арналған құрылым төбелік багажник немесе рейлингті қажет етеді. Дөңгелектер мен рамаларды бөлек бекіту тұрақтылықты қамтамасыз етеді, ал реттелетін рамалық ұстағыш орнатуды жеңілдетеді

  • Lexus Kazakhstan

    Фаркоп

    Тіркемені  сенімді және қауіпсіз жалғауды қамтамасыз етеді. Әр модельге жеке әзірленген және R55 стандартына сай, коррозияға жоғары төзімділікке ие.

  • Lexus Kazakhstan

    Жүксалғыш торы

    Торлар көлік жүксалғышындағы арнайы ілгектерге бекітіледі.Жүктің орнынан қозғалмауын қамтамасыз етіп, ұсақ және сынғыш заттарды тасымалдау үшін таптырмас шешім.

  • Toyota Kazakhstan

    Жүкке арналған сөмке

    Жүксалғыштағы орынды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Ыңғайлы және жиналмалы конструкциясы бар, 10 кг-ға дейінгі жүктемені көтере алатын функционалды сөмке.

Ықтимал қауіпсіздік: сенімді сапарлар үшін аксессуарлар

  • Lexus Kazakhstan

    Балаларға арналған орындық

    Ыңғайлы және жайлы балалар креслосы ең кішкентай жолаушыларды жолдағы кез келген күтпеген жағдайлардан қорғауға арналған. Ол автокөліктің негізгі конструкциясына немесе стандартты үш нүктелі қауіпсіздік белдігіне бекітіледі.

  • Lexus Kazakhstan

    Ультрадыбыстық тұрақ сенсорлары

    Автомобильдің артқы және/немесе алдыңғы бөлігіне жақын орналасқан кедергілерді анықтайды. Қабілеттілік радиусы кедергінің көлеміне байланысты 110-нан 150 см-ге дейін жетеді, бұл соқтығыстар мен сызаттардың алдын алуға, сондай-ақ көлікті тығыз жолдарда тұраққа қоюды және жүргізуді жеңілдетеді.

  • Lexus Kazakhstan

    Құпия гайкалар жинағы

    Шыңдалған болаттан жасалғандықтан әдеттегі құралдармен өңдеуге немесе кесуге  мүмкіндік бермейді, осылайша ұрлықтан қорғайды. Тек әрбір құпия гайка жинағымен бірге берілетін арнайы кодталған кілтпен ғана ашуға болады.

  • Lexus Kazakhstan

    Шинаның қысымын бақылау датчигі

    Шиналардағы қысымның төмендегені туралы жүргізушіні хабардар ететін қауіпсіздік жүйесі.  Көлікті басқаруды оңтайландырып, отын шығынын азайтуға және апаттардың алдын алуға көмектеседі.

Lexus аксессуарларының модельдік қатары

Қатарға әртүрлі мәселелерді шешетін модельдер кіреді:

  • Дөңгелектердің сақталуы және қауіпсіздігі. Шиналарды маусымдық сақтау кезінде сенімді қорғаныс және олардың қызмет ету мерзімін ұзарту брендтік тысқаптары қамтамасыз етеді, ал құпия сомындар дискілердің сенімді бекітілуіне кепілдік береді. Дөңгелектердің дискілері автокөлік дизайнын одан да есте қаларлық етуге көмектеседі.
  • Стайлинг және қорғаныс. Жапсырмалар табалдырықтарды ылғал мен кірден қорғайды, ал қосымша жарық қараңғыда көлікке отыруды жеңілдетеді. Дефлекторлар жаңбыр жауған кезде де ашық терезелермен саяхаттауға мүмкіндік береді.
  • Қосымша қорғаныс. Дыбыс өткізбейтін дөңгелек доғаларының қорғанысы акустикалық жайлылыққа жауап береді: дөңгелектерден, құмнан және тастардан шыққан шу сізді алаңдатпайды. Есіктің тұтқалары астындағы қабықша есікті ашқан кезде пайда болатын ұсақ сызаттар мен басқа зақымдарды болдырмайды.
  • Салон мен жүксалғышқа арналған аксессуарлар. Мысалы, кілемшелер еденді кір мен ылғалдан қорғайды.
  • Жүкті тасымалдау. Тау шаңғысы мен сноубордқа, велосипед бекіткіштеріне, жабық жүк қораптарына сәйкес келетін жүксалғыштың көлденең жақтаулары – осы Lexus-тың аксессуарлары кез келген саяхатты ыңғайлы етеді.